Елордада «Қазақстанның 100 үздік студенті» байқауының жеңімпаздары марапатталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» жобасы аясында «Тәуелсіздік — алтын тұғырымыз» атты республикалық конференция өтті. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шараны «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы Нұр-Сұлтан қаласының «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің қолдауымен ұйымдастырды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Конференция барысында «Жылдың үздік түлегі-2021» және «Қазақстанның 100 үздік студенті» республикалық конкурстарының жеңімпаздары марапатталды.
«Жылдың үздік түлегі-2021» республикалық байқауының талаптары бойынша үздік деп танылған 80 студент марапатталды. Оған қатысуға республиканың жоғары оқу орындарының 320 түлегі өтінім берді.
Сондай-ақ 2 300 адамның ішінен іріктеуден өткен «Қазақстанның 100 үздік студенті» байқауының 100 жеңімпаз студенті марапатталды.
Конференцияға отандық ғалымдар, ЖОО оқытушылары, докторанттар мен магистранттар, студенттер және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Іс-шара санитарлық нормалар мен талаптарды сақтай отырып өткізілді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы