22 Тамыз 2024 2024, 21:44 Фото: gov.kz

Елордада кәсіби DJ-дің музыкалық сүйемелдеуімен веложарыс өтеді

Астанада жаздың соңғы күндерінде елорда тұрғындары мен қонақтары үшін кәсіби DJ Nikita Filatov-тың музыкалық сүйемелдеуімен веложарыс өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Астанада жаздың соңғы күндерінде елорда тұрғындары мен қонақтары үшін кәсіби DJ Nikita Filatov-тың музыкалық сүйемелдеуімен веложарыс өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Іс-шара 25 тамыз күні Қосшы бағытындағы айналма велосипед жолында өтеді. Веложарыстың басталуы сағат 14:00-ге жоспарланған.

Маршрут бойы қатысушылар DJ-мен бірге жүреді. Бұл бір жағынан қатысушылардың физикалық дайындығын тексеріп қана қоймай, сонымен қатар ашық аспан астындағы мерекелік атмосфераға енуге мүмкіндік береді.