Елордада қарттар күніне орай концерт өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімдігі Мемлекеттік академиялық филармониясының Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам!» атты мерекелік концерті өтті. 

Халқымыздың ежелден келе жатқан салт-дәстүрін  сіңіру арқылы,үлкенді сыйлау, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға ұмтылу басты парыз болып саналады.

Мерекелік концертке келген  Сарыарқа ауданының әкімі - Байкен Есет Берікұлы мерекемен құттықтап, Ардагерлер Кеңесінің төрағасы - Есілов Сансызбай Сейтжанұлы  ізгі лебізін білдірді. 

Өз өнерлерімен ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері - Майра Ильясова, Гүлмира Сарина, Қанат, Света Айтбаевтар, Естай Мұқашев, Республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары - Әйгерім Нартүйе, Мұратбек Хайролда, Айнұр Қонысбаева, Алтынбек Әбілдә, Өзгеріс Шерікбай, Қорқыт этно ансамблі, көркемдік жетекшісі, Мәдениет қайраткері – Шолпан Қорғанбек, «Шалқыма» халық би ансамблі өнер көрсетті. 

Көркемдік жетекшісі – «Құрмет» орденінің иегері Абдрасул Есекеев.

Қазыналы қарттарымызды қадірлеп құрметтеу әр ұрпақтың парызы мен міндеті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы