Елордада карантин талаптары жеңілдеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың мемлекеттік бас санитар дәрігері карантин талаптары жеңілдетілген жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды 24.kz.
Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік бас санитар дәрігері Сарқыт Бейсенова жаңа қаулыға сәйкес елордада Ashyq жүйесінің жұмысын жетілдіре түсіруді талап етті.Яғни «сары» аймақ критериіне сәйкес кәсіпкерлік нысандарда Ashyq жобасының қызметін қайта жандандырылады. Сондай-ақ, Ashyq жобасына қатыспайтын нысандарға «сары» аймақ критериіне сәйкес жұмыс істеуіне рұқсат берілді.
Ендігі уақытта елорданың барлық нысандары ҚР мемлекеттік бас санитар дәрігері бекіткен қаулыны ережесін қатаң сақтай отырып жұмысын жалғастырады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 1 312 жағдай тіркелді
Өзгелердің жаңалығы