Елордада карантин тәртібін жүйелі бұзған 28 мекеменің жұмысы тоқтатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Каратин шектеулерін бұзушылықтарды анықтау және оларға жол бермеу жөніндегі мобильді топтар күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда. Елордада ескертулерге қарамастан кәсіпкерлік субъектілерінің карантин режимін бұзуы күн сайын тіркеледі. Кейбір мекемелер мұны жүйелі түрде жасайды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.


2021 жылдың басынан бастап аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары шектеу және карантин шараларын бұзғаны үшін жалпы сомасы 87 207 029 теңгеге 383 жеке, заңды тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тартты.Әкімшілік жауапкершілікке бірнеше рет тартылғанына қарамастан тиісті талаптарды елемеген және орындамаған 47 кәсіпкерлік субъектісіне қатысты Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына 52 материал жіберілді.Сот барлығы 28 нысанның қызметін тоқтатты және 5 954 770 теңге сомасына әкімшілік айыппұл салды, - делінген хабарламада.

Өткен тәулікте мобильді топтар қалада карантинді бұзған 3 кәсіпкерлік субъектісін анықтады.
Сонымен, Есіл ауданында орналасқан «Панаехали» бары демалыс күндері жұмыс істеуіне тыйым салынғанына қарамастан келушілерді қабылдағаны анықталды. Ал қызметкерлер тексерушілерге мекеменің есігін ашпағанын айта кеткен жөн.Карантин режимін Алматы ауданындағы «Fantasy» компьютерлік клубы мен Сарыарқа ауданындағы «Беницкий» бары да бұзды.Еске сала кетейік, елорда 10 наурыздан бастап эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша «қызыл» аймақта орналасқан.

Дәрігерлер қаладағы коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз болып отырғанын атап өтті. Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтарына, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілеріне карантин режимін қатаң сақтау талап етіледі.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы