Елордада карантин тәртібін қадағалау күшейтіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әкімдікте қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкеннің төрағалығымен COVID-19 екінші толқынына дайындық және мобильді топтар жұмысы талқыланды.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың COVID-19 екінші толқынына дайындық туралы тапсырмасы аясында елордада карантин шараларының сақталуына мониторинг және бақылау жөніндегі шараларды күшейту туралы бұйрық берілді. Ережелерді жиі бұзатын нысандар ойын-сауық мекемелері, қоғамдық тамақтану ұйымдары – кафелер, мейрамханалар, караоке, барлар, сауда орталықтары мен базарлар.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен мобильді топтар жұмысын күшейтуді және кәсіпкерлік субъектілеріне күнделікті түнгі және күндізгі рейдтер жүргізуді, карантинді бұзушыларды жауапкершілікке тартуды тапсырды.

Сонымен қатар, COVID-19 екінші толқыны болған жағдайда дәрі-дәрмек жетіспеушілігі мен дәріханаларда бағаның өсуіне жол бермеу қажет. Жауаптылар дәрі бағасын қатаң бақылауға алуы керек. Басқа елдерден келетіндер үшін міндетті ПТР тестілеу қажет, – деді Бақтияр Макен.
Маска тағу тәртібін сақтамаған азаматтарға да шара қолданылады. Жиналысты қорытындылай келе, жиналғандар COVID-19 таралуын болдырмауға және алдын алуға бағытталған шешімдерге қолдау білдірді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы