Елордада карантидік шаралар қатаңдаттылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ж. Пралиеваның Қаулысымен елорда тұрғындары арасында коронавирус инфекциясымен тіркелуінің жалғасуына байланысты қалада шектеу және карантин шаралары қатаңдаттылды.

Қаулыға сәйкес, қалалық қоғамдық көліктің жұмыс кестесі сағат 6:00-ден 23:00-ге дейін және жексенбі күндері жүруге тыйым салынады.

Сондай-ақ, ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, отбасылық, еске алу іс-шараларды, митингілерді, шеруге, жиындарды және т. б. өткізуге тыйым салынатындығы айтылған.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы