25 Қазан 2020 2020, 18:28
Елордада қар тазалау жұмыстары басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен түнде елордада алғашқы қар жауды.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен түнде елордада алғашқы қар жауды.
Күндіз «Байқоңыр» ауданы аумағының көшелеріне 107 арнайы техника шығып, тазалау жұмыстарына кірісіп кетті.⠀⠀
Бірінші кезекте орталық көшелер бойымен, жаяу жүргіншілер жолы, сонымен қатар аялдамалар мен тротуарлар тазартылуда. Осылайша қардан тазарту, көктайғақтың алдын алу үшін құм-тұз қоспасын себу жұмыстары басталып, оған арнайы техникалар мен 300-ге жуық адам жұмылдырылды, – дейді қала әкімдігі.⠀