Елордада қаламгерлер орталығы ашылуы мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада өтіп жатқан Азия елдері қаламгерлерінің І форумы аясында премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев зиялы қауым өкілдерімен кездесу барысында айтты.
Кездесу аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа жолдауын іске асырудағы рөлі талқыланды."Кешеден бері елордамызда Азия елдерінің қаламгерлері бас қосып жатыр. Осы форум аясында сіздермен де кездесіп, пікірлескенді дұрыс көрдік. Жақында мемлекет басшысы өзінің халыққа арнаған жолдауында қоғамды толғандырып отырған негізгі мәселелер азаматтық диалог аясында талқыланып, шешімін табуы тиіс екендігін мәлімдеді.
Сондай-ақ, Үкіметке мәдениет саласының қызметкерлерінің еңбекақысын көтеру, міндетті әлеуметтік жеңілдіктер беруді қамтамасыз етуді тапсырды. Одан бөлек Нұр-Сұлтан қаласынан қаламгерлер орталығын ашу мәселесі де бар", - деді Бердібек Сапарбаев.
Кездесуге мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков, Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, тілтанушы, Қазақстанның Еңбек Ері Олжас Сүлейменов, жазушы драматург Дулат Исабеков, жазушы, драматург, қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,Төлен Әбдік, жазушы, «Құрмет» орденінің иегері Бексұлтан Нұржекеев, ақын Ақұштап Бақтыгереева, жыршы-жырау Алмас Алматов секілді бір топ зиялы қауым өкілдері қатысты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Нұр-Сұлтанда 7-11 сынып оқушылары еден жуып жүр
Өзгелердің жаңалығы