3 Қаңтар 2021 2021, 10:07
Елордада қала маңына қатынайтын 8 автобус маршруты тоқтатылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауа райының қолайсыздығына (қатты аяз -30 - 38) байланысты қала маңына қатынайтын автобустар тоқтады.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауа райының қолайсыздығына (қатты аяз -30 - 38) байланысты қала маңына қатынайтын автобустар тоқтады.
Бұл туралы City Transportation Systems компаниясы Facebook-тегі парақшасына жазды.
Ауа райының қолайсыздығына (қатты аяз -30 - 38) байланысты қала маңына қатынайтын № 305, 308, 309, 310, 312, 315, 316, 317 бағдарларының қозғалысы уақытша тоқтатылды, - делінген хабарламада.
Басқа қала маңына қатынайтын бағдарлар линияда.