Электр сымын ұрлағандар ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда құрылыс нысанынан кабель ұрлаған құрылысшылар ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде бұрын құрылыс нысанында жұмыс істеген екі адамды ұстады.Құрылыс алаңында адамдардың жоқтығын пайдаланып, күдіктілер аспалы құлыпты бұзу арқылы құрылыс материалы бар контейнерге кіріп, темір сымды ұрлап кеткен.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, ұсталған адамдардың елорда аумағында бұрын жасалған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Айғақ зат тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті құрылыс нысандарының басшыларына тауар-материалдық құндылықтардың ұрлануын болдырмау үшін құрылыс нысандарын күзету бойынша шаралар қабылдауды, құрылысты бейнебақылау камераларымен және басқа да күзет құралдарымен жабдықтауды ұсынады, - делінген ақпаратта.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
«Шарында» енді бәрі басқаша болады
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы