Елордада көтерме-тарату орталығы салынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында елордада көтерме-тарату орталығы салынады.
Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ерлан Бекмұрзаев бас қалада көтерме-бөлу орталықтарының құрылысы жүргізілетінін мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо.Көтерме-бөлу орталықтарында көкөніс сақтау желісін дамыту бойынша нақты инвесторлармен жұмыс істеуді бастадық. Қазіргі уақытта көтерме-тарату орталықтарының құрылысы бойынша 3 инвестор бар. Сол сияқты министрлікпен бірлесіп мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бойынша қосымша көтерме-тарату орталықтарының құрылысы бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл инфрақұрылымның бәрі болашақта елорданың әлеуметтік азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, – дейді басқарма басшысы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Еліміздің 3 қаласында ауа сапасы нашарлайды
Келесі жаңалық
Жердегі магниттік дауыл шарықтау шегіне жетті
Өзгелердің жаңалығы