Елордада "Кәсіпкерлерге кеңес беру" күні өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бас қалада бизнес климатын жақсартуға, cондай-ақ, шағын және орта бизнес кәсіпкерлеріне мемлекеттік қызметтерді қолжетімді ету мақсатында қала әкімдігі "Әсем" сауда орталығында "Кәсіпкерлерге кеңес беру" атты ашық есік күнін ұйымдастырды, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігімен eлордада бизнес климатты жақсартуға, cондай-ақ, шағын және орта бизнес кәсіпкерлеріне мемлекеттік қызметтерді қолжетімді етуге бағытталған "Әсем" сауда орталығының "Кәсіпкерлерге кеңес беру" ашық есік күні өткізілді.

Шараға Төтенше жағдайлар, Мемлекеттік кірістер, Полиция, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменттері, Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық инспекциясы, Қалалық орта сапасы және бақылау, Тілдерді дамыту және архив ісі басқармалары, Миграциялық полиция, Кәсіпкерлер палатасы, Жұмыспен қамту орталығы, "ДАМУ" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметкерлері қатысты.

Аталған шарада кәсіпкерлер салық төлеу, тіл мен жарнама туралы заңнама, мемлекеттік қолдау шаралары, әлеуметтік сақтандыру, зейнетақы жинақтау, өрт қауіпсіздігі мен санитарлық ережелерді сақтау және басқа да сұрақтар бойынша кеңес алды.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы