Елордада күн жылынады

Нұр-Сұлтан, BAQ. KZ. Синоптиктердің болжауынша, алдағы үш күнде елордада жаңбыр жауып, тұман түседі. Бұл туралы қалалық әкімдіктің ресми сайты хабарлады.

"Қазгидрометтің" хабарлауынша, ертең көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 7-12, күндіз 15-18 м/с құрайды.

Ауа температурасы түнде 0…-2 °С, күндіз +7…+9 °С. 29 наурызда да күн бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Сынап бағанасы түнде +2…+4 °С, күндіз +6…+8 °С дейін көтеріледі.

30 наурызда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал. Ауа температурасы түнде 0…-2 °С, күндіз +8…+10 °С құрайды.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы