Елордада көктайғаққа қарсы шаралар қабылдануда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қалада қар аралас жаңбыр жаууы салдарынан көктайғақ пайда болды. Коммуналдық қызметтер көктайғақты болдырмау үшін тайғаққа қарсы қоспаны себу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Бүгін 1 000 тонна реагент пайдалану жоспарланып отыр. Ертең де сонша реагент қолданылады. Арықтарды, нөсер суына арналған жүйелерді тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.Бұдан басқа 200-ден астам ассенизаторлық машина су жинауға шықты. 26 ақпан күні қала көшелерін қардан тазарту жұмыстарына 1415 техника бірлігі мен 1203 жол жұмысшылары тартылды.
Жалпы, осы уақытқа дейін барлығы 4716349 текше метр қар шығарылды (393024 рейс).
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда Абайдың поэзиясы мен музыкасына арналған кеш өтті
Келесі жаңалық
Мектептерге арналған PISA-2024 зерттеуі басталды
Өзгелердің жаңалығы