Елордада ірі көлемде есірткі табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық полицейлер арнайы операция барысында аса ірі көлемде есірткі заттарын сақтаған күдіктіні ұстады, деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті.
«36 жастағы ер адам Тараз көшесінде көлігінің жанында ұсталды. Оның көлігін тінту кезінде полиция орындық астынан ұнтақ тәрізді зат салынған полиэтилен пакет тапқан. Сараптама қорытындысы бойынша, салмағы 200 грамнан асатын гашиш есірткі заты тәркіленді. Күдіктінің бұрын осыған ұқсас қылмыстар үшін бірнеше рет сотталғаны белгілі болды», - делінген хабарламада.Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдікті Нұр-Сұлтан қаласының тергеу изоляторына қамалған. Елордалық Полиция департаментінің мәліметіне қарағанда, жыл басынан бері есірткіге қатысты 400-ден астам қылмысы тіркелген. Оның ішінде 62 іс саудамен байланысты. Заңсыз айналымнан 100 келі есірткі алынды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Исландияда жанартау атқылады
Өзгелердің жаңалығы