Елордада iQala қызмет көрсету орталығы онлайн режимге көшті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Орталық кеңседе азаматтарды қабылдауды уақытша тоқтатты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Барлық 129 Iqala қызметі цифрландырылған және www.iqala.kz сайтында қол жетімді. Кез-келген адам онлайн-кеңестерді қалқымалы терезе арқылы, сондай-ақ 109 байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы ала алады, - деп хабарлады телеграм каналында Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары М.Бектұрова. 


Қала әкімнің орынбасары барлық қызмет түрлері жеке және заңды тұлғаларға қол жетімді деп атап өтті. Қызметтер тізімі порталдың басты бетіне орналастырылған. Кез-келген қызмет түрін онлайн режимде алу үшін электронды цирфлық қолтаңба арқылы жеке кабинетте авторизациядан өту қажет. Ары қарай 129 қызмет түрінің кез-келгеніне өтінім бере аласыз. 

"IQala" қалалық қызмет көрсету орталығы астана тұрғындарына тұрғын үй - коммуналдық сектор ұйымдарының қызметтерін онлайн режимінде алуға мүмкіндік береді. «iQala» негізгі міндеттері: технологиялық шешімдерді пайдалана отырып, бәсекеге қабілеттілікті арттыру бойынша бастамаларды ұсыну; кәсіпкерлікті дамытуды және әлеуметтік интеграцияны ынталандыратын жүйелерді біріктіру; автоматтандыру және қызмет сапасын арттыру.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы