Елордада Иманов және Уәлиханов көшелері бойынша жол учаскесі жабылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Иманов және Уәлиханов көшелері бойынша жол учаскесі жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша жабылды.
"Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы" ММ Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімімен Иманов және Уәлиханов көшелерінің қиылысындағы жол төсемін орташа жөндеу жұмыстарының басталғаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.Осыған байланысты, 2021 жылдың 14-15 тамыз аралығында автокөлік құралдары үшін қозғалыс толығымен жабылады. Қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін елорда тұрғындары мен қонақтары өз қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет.
Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды өтінеміз, деді ведомствода.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елдос Сметов: Жақында жақсы жаңалықпен бөлісетін боламын
Өзгелердің жаңалығы