Елордада Республика даңғылындағы аумақта жол жабылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада А.Иманов көшесінен бастап Бөгенбай батыр даңғылына дейінгі учаскеде Республика даңғылы бойынша жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлады Елорда Инфо.
«Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы ПБ Әкімшілік полиция басқармасымен бірлесіп, автокөлік жолдарын орташа жөндеу шеңберінде А.Иманов көшесінен бастап Бөгенбай батыр даңғылына дейінгі учаскеде Республика даңғылы бойынша жөндеу жұмыстарын бастайды. Осыған байланысты шілденің 10-нан 21-не дейінгі мерзімде көрсетілген учаскеде ішінара автокөлік құралдарының қозғалысы жабылатын болады», - делінген хабарламада.
Елорда тұрғындары мен қонақтары кептеліс тудырмау үшін жол қозғалысы бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет.
Жөндеу жұмыстарының аяқталуының қысқа мерзіміне байланысты, жоғарыда көрсетілген учаскедегі жұмыстар тәулік бойы (күндізгі және түнгі уақытта) жүргізілетін болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қостанайда соңғы 5 жылда 1,1 мың шақырым құбыр жаңартылды
Өзгелердің жаңалығы