Елордада Иманов көшесіндегі көпір жартылай жабылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Нұр-Сұлтан қаласы ПД Әкімшілік полиция басқармасының келісімімен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Иманов көшесіндегі көпірде жол төсемін орташа жөндеу жұмыстарын бастайды, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
Осы жылдың 3 және 4 маусым күндері жөндеу жұмыстарына байланысты Қ.Мұңайтпасов көшесінен А. Янушкевич көшесіне дейінгі учаскедегі Иманов көшесінде орналасқан көпірде автокөлік қозғалысы ішінара жабылатын болады. Мұнда асфальт төсемінің жоғарғы қабатын салу жұмыстары жүргізілетін болады.
Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз, - делінген басқарма хабарламасында.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы