Елордада Игілік көшесінің учаскесі ішінара жабылады

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Игілік көшесіндегі жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осыған байланысты осы жылдың 30 сәуірінен 6 мамырына дейін Жаңажол көшесінен Тайбұрыл көшесіне дейінгі Игілік көшесінің учаскесі ішінара жабылады, – деп жазды Астана әкімдігі.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды, сондай-ақ жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұрайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты
Өзгелердің жаңалығы