Елордада иесіз жертөлелерді дезинсекциялық өңдеу жүргізіліп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласы «Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы» ММ «Столичная дезинфекция» ЖШС-мен бірлесіп, осы жылдың 13 сәуірінен бері иесіз жертөлелерді дезинсекциялық өңдеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Оның барысында 100-ге жуық үй тегін дезинсекциялық өңдеуден өтеді.

Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мамандарының қатысуымен және энтомолог мамандарды тартумен күнделікті негізде уақытша және тұрақты су айдындарында бақылау және мониторинг жүргізіледі. Бұл іс-шаралар масалар мен шіркейлердің санын азайту үшін Нұр-Сұлтан қаласында алдын алу шаралары ретінде жүргізіледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы