Елордада хореографиялық спектакль премьерасы өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қала әкімдігінің «Наз» мемлекетік би театры» 4 шілдеде Абай Құнанбайұлының «Әзім әңгімесі» шығармасының желісі бойынша қойылған хореографиялық спектакль премьерасын өткізеді.

Би театрының баспасөз қызметінен хабарлағандай, бұл қойылым Абай Құнабайұлының аяқталмай қалған шығармасы «Әзім әңгімесі» ертегісінің желісі негізінде сахналанып отыр. Хәкім Абай «Мың бір түн» әңгімесінің бір тарауын өлеңге айналдырады.


Әзімге кездескен жәдігөй шал тәрізді сұм-сұрқиялар ғалымдардың ашқан ғылыми жаңалықтарын өздерінің баю мүддесіне пайдалануы, ол үшін неше түрлі зымияндыққа барулары мүмкін. Жәдігөй шал – солардың бірі. Өмірінің ең қызығы, ең негізгі мақсаты тек баю ғана деп ұғынушылар қандай зұлымдық, іс-әрекеттерден де тайынбайды. Ездік те, қаныпезер қаражүректік те оларға бұйым емес. Поэмадағы алхимик жәдігөй шал өзінің зымияндық мақсатын орындау үшін Әзімді қолына алдап түсіреді де, тау басына, ысылдаған әпжылан, айдаһарлардың ішінде қалдырады. Бірақ, қойылым соңында олар кенеттен екі жаққа айырылысып кетеді, - дейді спектакль желісі туралы театрдың баспасөз хатшысы Толқын Сұлтан.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы