Елордада халықаралық экологиялық конгресс өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада 3 маусым күні «Болашақтың бағдары – тұрақтылық!» атты «ECOJER» Халықаралық конгресі өтеді, деп жазды Хабар24.
«ECOJER» қауымдастығының мәліметінше, бірінші Халықаралық экологиялық конгресс «Болашақтың бағдары – тұрақтылық!» ұранымен Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында ұйымдастырылады.
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен өтетін іс-шара Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні қарсаңында өтеді. Конгрестің мақсаты - экология, тұрақты даму, «жасыл» инвестициялар үлесін арттыру, экологиялық мәдениет пен қоғамның хабардарлығын арттыру мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу үшін барлық мүдделі тараптардың күш-жігерін біріктіру және тәжірибе алмасу, - делінген ақпаратта.
Іс-шараға министрліктердің өкілдері, ҚР Парламентінің депутаттары, өнеркәсіптік кәсіпорындардың басшылары, эко-белсенділер, халықаралық даму институттарының өкілдері және басқалар қатысады. Конгресс барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып ұйымдастырылады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Өндірісті локализациялау келешегі талқыланды
Өзгелердің жаңалығы