Елордада гуманитарлық медициналық көмектің әділ бөлінуі қамтамасыз етіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Гуманитарлық көмектің барлық қаптамаларына мөр қойылады, бұл тауарларды делдалдар арқылы сатуға мүмкіндік бермейді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Елорданың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қоғам белсенділерінен тұратын арнайы мониторинг тобы өкілдерімен, "Астана – Адалдық алаңы" жобасының менеджерлерімен, дәрі-дәрмектердің бағасын бақылау және талдау басқармасының, қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, Нұр-Сұлтан қаласында тегін гуманитарлық көмектің таратылуына мониторинг жүргізілуде.

Хабарланғандай, бірқатар мемлекеттер коронавирус инфекциясынан зардап шеккен елдерге медициналық көмек көрсетуге ниет білдірді.

Атап айтсақ, Қазақстан астанасы үшін Ресейден 2 790 дана қорғаныс киімдері жиынтығы, 21850 дана үш қабатты бір реттік маскалар, 236 қаптама "короновир" таблеткалары бөлінген.

Қытай Халық Республикасы 450 медициналық қорғаныс киімі, 3000 хирургиялық қолғап, 15 жанасусыз инфрақызыл термометр, 2200 медициналық маска және 3040 хирургиялық маска бөлді. «Астана – Адалдық алаңы» жобасының жетекшісі, қалалық мәслихат депутаты Мирас Шекенов бүгінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшылығынан,

"Астана – адалдық алаңы" жобасының менеджерлері және арнайы мониторинг тобы мүшелерінен тұратын жұмыс тобы Ресей мен Қытайдан келген гуманитарлық көмектің СҚ «Фармация» қоймаларынан медициналық ұйымдарға дейін жеткізілуін қадағалау бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті.
Бүгінгі таңда медицина ұйымдарын жеке қорғаныс құралдары мен дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету – карантин жағдайынан шығуға мүмкіндік беретін шара. Еш нәрсені адам өмірімен салыстыруға болмайды. Бұл жағдайда мемлекет қалыптасқан жағдайды реттеу үшін кешенді шаралар қабылдауда. Біз, қоғам белсенділері, гуманитарлық көмекті Қазақстанға келген сәттен бастап оның тұтынушыға жетуіне дейін қадағалаймыз. Барлық қаптамаларда қорғаныс құралдары мен дәрі-дәрмектердің тегін гуманитарлық көмекке жататынын білдіретін мөрі болады. Бұл шара жосықсыз азаматтарға тауарларды делдалдар арқылы сатуға мүмкіндік бермейді», – деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті жанындағы арнайы мониторинг тобының өкілі Жәнібек Успанов.

Осыған байланысты барлық мүдделі азаматтар, егер медициналық мақсаттағы бұйымдар мен дәрі-дәрмектерде осындай мөр болса, 8-775-160-55-32 нөміріне хабарласа алады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы