23 Маусым 2023 2023, 06:32
Фото: baq.kz
Елордада грэпплингтен Азия чемпионаты өтіп жатыр
Елордада грэпплингтен Азия чемпионаты өтіп жатыр. Жарыс 24 маусымға дейін жалғасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Елордада грэпплингтен Азия чемпионаты өтіп жатыр. Жарыс 24 маусымға дейін жалғасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Спорттық додада жеті мемлекетінен келген 400-ден астам спортшы, 168 салмақ дәрежесінде бақ сынайды. Біріншіліктің алғашқы күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 26 алтын, 7 күмісті еншілеп жалпы командалық есепте бірінші орында тұр.
Жаңадан дамып жатқан спорт түрі болғандықтан спортшылардың грэпплингке қатсушылары жылдан-жылға өсіп жатыр. Осымен екінші рет Азия чемпионаты өтіп жатыр. Сондықтан Астана қаласы жалпы грэпплингтің бастамасы, отаны деп айтсақ артық болмайды, - дейді Астана қаласы Грэпплинг федерациясының басшысы Тоқтар Зарубеков.