Елордада газ құю стансаларында шектеу енгізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың кейбір газ құю стансаларында көгілдір отын тапшылығына байланысты шектеу енгізілді.

Қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласына «СНПС-АқтөбеМұнайГаз» АҚ зауытынан 1 947 тонна сұйытылған газ жеткізілген жоқ. Осыған орай, қалада сұйытылған газ тапшылығы байқалады. Әлеуметтік қажеттілік үшін оның тапшылығына жол бермеу мақсатында (көппәтерлі үйлерді көгілдір отынмен қамту және жеке тұрғын үйлерді жылытуда кедергілер болмауы үшін) автомобильге газ құятын стансаларда шектеу енгізілді, - деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінен. 

Қала әкімшілігі автомобильдер сұйытылған газдың орнынан бензин қолдана алатындығын атап өтеді. 

Бұл мәселеге орай газды реттеу саласындағы өкілетті орган ҚР Энергетика министрлігіне көмек қажеттігі туралы ресми хат жөнелтілді. Бүгінгі күні негізгі сату нүктелерінде (Бейбарыс газ, Газ Энерджи, ГорГаз) шектеулер толық алынды. Сонымен қатар ЖігерГаз сауда белгісі бойынша да шектеулер жартылай алынып отыр. Шектеуді толық алып тастау осы жылдың 15 қазанына жоспарланған, - деді әкімдіктен.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы