Елордада "FROM KZ" халықаралық жастар форумы өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін елордада Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен "Жаңғыру жолы" жастар қозғалысының халықаралық форумы өтті.
Жастар форумының ашылуы алдында Достық үйінен Еуразия ұлттық университетінің бас корпусына дейін автошеру өтті. Автомобильдер Қазақстанның мемлекеттік рәміздерімен безендірілді. Форум Тұңғыш президент күні мен Жастар жылының аяқталуымен тұспа-тұс келді.Елбасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жастар жылының ашылуында сөйлеген сөзіне бүкіл ел айрықша назар аударды. Ол Жастар жылының ашылуында былай деген болатын: "Тәуелсіздік рухымен өскен бүгінгі жас ұрпақ-бұл біздің болашаққа деген үмітіміз, сенімді тірегіміз". Сол кезде Жастар жылының басымдықтары ретінде қолжетімді тұрғын үй, сапалы білім мен тұрақты жұмыс мәселесі саналған еді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды еріктілер жылы деп жариялады. Бұл қозғалыс еліміз бен қоршаған ортаға үлкен пайда әкеледі, - деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен.Одан әрі сөз Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Жансейіт Түймебаевқа берілді.
"Жаңғыру жолы" республикалық жастар қозғалысының Жол картасы аяқталу мәресіне жетті. Жыл ішінде қозғалыс 5 мыңнан аса адамды қамтитын 29 жобаны ұйымдастырды. Ресей халықтарының жастар Ассамблеясымен Меморандумға қол қойылды, татарлардың дүниежүзілік конгресімен (Ресей) және "Миссия Сибирас" (Литва) экспедициясымен бірлескен іс-шаралар өткізілді. Біз Арыс қаласында Ассамблеяның гуманитарлық акциясында, содан кейін "Арыс, біз біргеміз!" жалпыұлттық акциясында жұмыс істеген жастарымызды мақтан тұтамыз. Волонтерліктің үлкен әлеуеті дамитын болады. "Social Assembly" республикалық форумында "Жаңғыру жолы" белсенділері еріктілер жылы бойынша бастамаларды жариялады. Олардың ішінде Достық үйлері базасында волонтерлік қозғалыс орталықтарын ашу, ҚХА порталында "Qadam" білім беру бөлімін және жас әлеуметтік кәсіпкерлер мектебін әзірлеу жоспарланған. Сонымен бірге, еріктілердің мәдениет нысандарында жеңілдік мүмкіндігін иеленуі үшін бірыңғай дисконт-картасын енгізу, түрлі жеңілдіктер алу, этномәдени бірлестіктердің Қазақстан аумағындағы халықаралық іс-шараларға қатысуы бойынша "Open Qazaqstan" жобасын іске асыру туралы идеялар бар. Бұл дегеніміз, біздің Нұр-Сұлтан қаласындағы Достық үйінде әр елдің жастары әлі де бірнеше рет кездеседі деген сөз. Біз мемлекеттік мереке – Тұңғыш президент күні қарсаңында кездесіп отырмыз. Мұндай сәттің тағы бір мәрте ел жастарын ынтымаққа үндейтіні ақиқат. Әрі президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауының басты назарында жастардың болғаны және мәлім, - деп атап өтті Түймебаев.Форумға Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері, қалалық құрылымдардың, қоғамдық ұйымдардың басшылары, Ресей, Қырғызстан мен Башқұртстанның жастар көшбасшылары, елорда этномәдени бірлестіктері жастар қанатының мүшелері қатысты.
Форумның белсенді қатысушылары, модераторлар мен спикерлер Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтың алғыс хатымен марапатталды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Шымкентте жыл соңына дейін 9 мектеп құрылысы аяқталуы керек
Өзгелердің жаңалығы