Елордада Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезекті отырысы басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін елордада Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезекті отырысы өтеді.
Іс-шараға Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресейдің үкімет басшылары және Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы қатысады.
Сондай-ақ ЕАЭО бақылаушы мүше-мемлекеттері – Молдова, Өзбекстан және Кубаның қатысуы да жоспарланған.
ЕҮАК отырысы шағын және кеңейтілген форматта өтеді. Оның күн тәртібіне Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердегі макроэкономикалық жағдайы және тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстар, ауыл шаруашылығы өнімдерін жеделдетілген контейнерлік теміржолдық тасымалдауды жүзеге асыру жөніндегі бірлескен жоба туралы, сонымен қатар ЕАЭО кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың бақылау механизмі туралы келісімін іске асыру туралы мәселелер және т.б. сұрақтар кіреді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Елімізде тағы екі жайлы мектеп ашылды
Өзгелердің жаңалығы