Елордада "Еуразия" кинофестивалі өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  30 маусым мен 6 шілде аралығында Нұр-Сұлтан қаласында XV Халықаралық "Еуразия" кинофестивалі өтеді. 

Кинофорумның конкурстық бағдарламасы дәстүрлі түрде өтеді. Оның мақсаты - Шығыс пен Батыс арасында кинематографиялық көпір орнату.

"Еуразия-2019" негізгі байқауына Қытай, Франция, Ресей, Македония, Италия, Филиппин, Израиль, Украина, Австралия картиналары қатысады. Қысқа метражды фильмдер байқауына Тәжікстан, Оңтүстік Корея, Беларусь, Иран, Өзбекстан, Жапония және тағы басқа елдер келеді деп күтілуде", - делінген таратылған ақпаратта. 

Екі байқауға да отандық туындылар ұсынылған. Фестивальдің конкурстан тыс бағдарламалары да бар. Олар - "Объектив", "Ерекше оқиға", "NETPAC таңдауы", сондай – ақ, "Еуразия жүрегінен" бағдарламалары.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы