Елордада есірткі саудалаушы ұсталды
«Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Астана қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының полицейлері «героин» есірткі затын өткізу арнасының қызметін тоқтатты, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Ұлы Дала көшесінде жедел іс-шаралар өткізу кезінде бұрын есірткі қылмысы үшін бірнеше рет сотталған 47 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту барысында ас үй тартпасынан ақшыл түсті түйіршікті консистенциясы бар полиэтилен пакет және электронды таразы табылды.
Зерттеу қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттар салмағы 88,89 грамм «героин» есірткі заты болып табылады.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды, - деді ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басғармасының бастығы, полиция полковнигі Рустам Гасизов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қызылордада ер адам көпірден секіріп кетті
Өзгелердің жаңалығы