Елордада есірткі сатқандар сотталды
ҚМА Астаналық Департаменті бір топ адамға қатысты алдын-ала сөз байласу арқылы ірі мөлшерде мемлекеттік шекара арқылы есірткі заттарын заңсыз өткізу фактісі бойынша қылмыстық істі аяқтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Еске салайық, елордада «бақыланатын жеткізу» жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде АҚШ-тан пошта жөнелтілімдерінен ірі көлемде «марихуана» есірткі заттарын алған елорда тұрғындары ұсталып, УҰИ-на қамауға алынды.
Қылмыскерлер «Telegram» мессенджерінде ақпарат орналастыру арқылы Қазақстан аумағында есірткі сатуды жоспарлаған.
Сот үкімімен 2 азамат кінәлі деп танылып, 7 жылға және 8 жыл 4 айға бас бостандығынан айырылды.
Құрметті ата-аналар! Ғалымдардың пікірінше, есірткі заттарын қолдану жасөспірімдердің толыққанды дамуына, есте сақтау қабілетіне, өзін-өзі бақылауына және оқу қабілетіне зиянды әсер етеді.
Осыған байланысты, ата-аналардан балаңыздың мінез-құлқына, оның денсаулық жағдайына, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі жазылымдары мен сатып алуларына назар аударуды сұраймыз.