Елордада есік пен терезелерді сындырған вандалдар жазаланды
Елордалық полицейлер вандализммен және қоғамдық тәртіпті бұзушылармен күресті жалғастыруда. Өзге біреудің мүлкіне зиян келтірген кезекті вандалдар жауапқа тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігіне сілтеме жасап.
Елордалық полицейлер вандализммен және қоғамдық тәртіпті бұзушылармен күресті жалғастыруда. Өзге біреудің мүлкіне зиян келтірген кезекті вандалдар жауапқа тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігіне сілтеме жасап.
22 қыркүйек күні кешкі сағат 7-де 34 жастағы азамат Жансүгіров көшесі, 12 мекенжайында орналасқан үйдің терезесін сындырып, 36 145 теңге шығын келтірді.
Мұндай жағдай бірнеше күннен кейін Мұхамедханов көшесі, 12 мекенжайында болды. 39 жастағы ер адам пәтердің алдыңғы есігін әдейі бұзған.
Тәртіп бұзған екі адам да әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды.
Астанада «Тоқта, вандал» акциясы аясында күндізгі және түнгі рейдтер, сондай-ақ тұрғындар арасында қоғамдық тәртіпті сақтаудың және қала мүлкіне ұқыпты қараудың маңыздылығы туралы түсіндіру жүргізіп жатыр.
Акцияның мақсаты – вандализмнің кез келген әрекетін болдырмау және тазалық пен тәртіпті сақтау.
Акцияға еріктілер, белсенділер, танымал спортшылар, қоғам қайраткерлері және қала тұрғындары атсалысып жатыр.
Жыл басынан бері сот 250 адамды бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіргені, жалпыға ортақ аумақтарды ластағаны, ғимараттар мен тұрғын үй-жайларды бүлдіргені үшін жазалады. Олардың барлығы жауапқа тартылды.
Вандализмнің алдын алу жұмысы қалалық прокуратура мен полиция департаментінің үйлестіруімен жүргізіледі.
- Үкімет бағаны тұрақтандырудың қосымша шараларын әзірлеуді тапсырды 21:18
- Степногорскіде прокуратура дәрігердің қызметтік пәтерді жекешелендіру құқығын қорғады 20:45
- «Мұсылман елдерінің НАТО-сы» құрылып жатыр. Түркия, Сауд Арабиясы мен Пәкістанның жаңа әскери одағы нені өзгертеді? 20:44
- «Ақ жол» партиясының сайлауалды штабы Атырауда еңбек ұжымдарымен кездесті 20:30
- Абай облысында Аустралия университетінің филиалы ашылуы мүмкін 20:06
- Ауылға қаржы, жастарға мүмкіндік: «Ауыл» партиясы Павлодарда қандай ұсыныстар айтты 20:00
- GPS, іздер және фототұзақтар: «Іле-Балқаш» резерватында Үміт есімді жолбарыс қалай бақылануда? 19:45