Елордада ешқандай бұқаралық іс-шара өткізілмейді – әкімдік
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда Наурыз мерекесіне жоспарланған шаралар өткізілмейді, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз хатшысы Ақмарал Олжабаева Facebook-тегі парақшасында.
Бүгінгі таңда коронавирустың әлемдік пандемия болып жариялануына және Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың арнайы алдын алу шараларын іске асыру туралы мәлімдемесіне байланысты елордада барлық бұқаралық іс-шаралар өткізілмейді, сондай-ақ 18 наурызға жоспарланған "Қазақ Елі" монументі алаңында, қалалық алаңда, "Жазушылар" аллеясында, "Астана" концерт залындағы шаралар да өткізілмейді.
Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театры, М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс театры мен Қуыршақтар театрында да спектакльдердің қойылымы болмайды. Сонымен қатар базар, сауда-ойын-сауық орталығы, сауда үйі сынды нысандардың ішінде және аумағында іс-шаралар өткізбеу ұсынылады, - делінген жазбада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мамин Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның отырысын өткізді
Келесі жаңалық
Атырау тұрғынынан сібір жарасының белгісі анықталды
Өзгелердің жаңалығы