Елордада "Ертегі – ел ертеңі" сайысы өтеді

Сайыс екі кезеңнен тұрады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Балалар әдебиетінің, соның ішінде ертегі жанрының дамуына үлес қосу мақсатында басталған сайыстың ұйымдастырушысы – Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы.

"Ертегі – ел ертеңі" сайысы екі кезеңнен тұрады: іріктеу және қорытындылау кезеңі. Іріктеу кезеңіне қатысу үшін өтінімдер 2024 жылғы 26 қаңтарға дейін қабылданады. Сайыс сарапшыларының қорытындысымен үздік деп танылған қатысушылар қорытынды кезеңге жолдама алады.

Байқау екі бағытты қамтиды. Бірінші бағыт – ертегі жазу сайысында шығарманың мазмұнына, тіл байлығына, сюжеттің тартымдылығына, көркемділігі және т.б. мән беріледі. Ертегі тақырыбы еркін түрде таңдалады. Ал екінші ертегі оқу сайысында актерлік шеберлік, тілі тазалығы, мәтінді оқу ерекшелігіне назар аударылады.

Жас ерекшелігіне шектеу қойылмайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ Оқу-ағарту министрлігі
Өзгелердің жаңалығы