Елордада ертең 40-тан астам іс-шара өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 4 маусым күні астанада Мемлекеттік рәміздер күні атап өтіледі. Мереке құрметіне мемлекеттік мекемелерде, оқу орындарында, қала алаңдарында 40-тан астам тақырыптық, мәдени іс-шаралар өтеді, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
4 маусым күні Нұр-Сұлтандағы мемлекеттік мекемелерде жұмыс күні Қазақстан Республикасының әнұранын орындаумен басталады. Бұл күні мектептер мен колледждерде фото-конкурстар, кездесулер, викториналар ұйымдастырылып, патриотизм, еліміздің мемлекеттік рәміздерін білудің маңыздылығы және оның біздің мемлекетіміздің тарихындағы маңыздылығы туралы айтылады. Сәкен Сейфуллин мұражай мен Тәуелсіздік сарайында тақырыптық көрмелер өтеді. Қаланың барлық кітапханаларында әдеби кештер өткізу жоспарланған. Сол сияқты 4 маусым күні мемлекеттік рәміздерге арналған концерттер, дәрістер, «дөңгелек үстелдер», семинарлар ұйымдастырылады.«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылдың 4 маусымында қабылданды. Осы заң негізінде жылда 4 маусым күні Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күні атап өтіледі. Мемлекеттік рәміздер – кез келген мемлекеттің ажырамас атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Әнұран.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ақмола облысының шалғай ауылдарында 3000 адам тексерістен өткен
Келесі жаңалық
Жетісуда қысқы спорт дамымаған
Өзгелердің жаңалығы