Елордада ерекше қажеттіліктері бар 100-ден астам адам бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне қатысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық паралимпиадалық жаттығу орталығында Мүмкіндігі шектеулі 100-ден астам адам ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне қатысты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Бос жұмыс орындар жәрмеңкесін Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасының, БҰҰ еріктілерінің, "AmanZhol и K" және "Каспий" қоғамдық қорларының қолдауымен мүгедек адамдарды кәсіби оңалту қалалық орталығы ұйымдастырды.

Оны өткізудің мақсаты - мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа орналастыруға, олардың әлеуеті мен мүмкіндіктерін ашуға жәрдемдесу.

25 жұмыс беруші әртүрлі қызмет түрлері бойынша 60-тан астам бос жұмыс орнын ұсынды. Жәрмеңкеге мүгедектігі бар 100-ден астам адам қатысты. Олардың әрқайсысына жұмыс іздеу, сондай-ақ кәсіби оңалту бойынша ақпараттық және консультациялық қызметтер көрсетілді. Сонымен қатар, келушілер зейнетақымен қамсыздандыру, кәсіптік бағдарлау, психологиялық, заң және медициналық-әлеуметтік қызметтер мәселелері бойынша кеңестер алды.

Бос орындар жәрмеңкесі жұмысының алдын ала нәтижелері бойынша 30-ға жуық адам әлеуетті жұмыс берушілерге қайта әңгімелесуге, тағы бесеуі тағылымдамаға шақырылды.

Жәрмеңкеге бірінші келген ізденушілерге сыйлықтар берілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Елордада ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті
Өзгелердің жаңалығы