Елордада ерекше білім беру қажеттіліктері бар 16 527 бала бар

Астана қаласы әкімдігі қала мектептерінде инклюзивті білім беру үшін қандай жағдай қалай жасалып жатқанын айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астана мектептерінде ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды әлеуметтік бейімдеуді қамтамасыз ету мақсатында инклюзивті білім беру ісіне жағдай жасау бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. 

2025 жылға қарай барлық білім беру мекемелері осы жұмыспен қамтылады. 

Инклюзивті білім беру үшін қазір Астананың 64 балабақшасы мен 89 мектебінде жағдай жасалған. 2025 жылға қарай олардың саны 100%-ға жетеді. Қыркүйек айындағы мәліметтер бойынша, елордада ерекше білім беру қажеттіліктері бар 16 527 бала бар. 

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тексерудің психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық қызметін 6 ұйым көрсетеді. Жаңа оқу жылында №7 психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес ашылды. Жаңа ұйым сол жағалауда орналасқан және Есіл ауданының тұрғындарына қызмет көрсетеді. Жыл соңына дейін тағы бір психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация ашу жоспарланып отыр, - деді елорда әкімінің орынбасары Есет Байкен. 

Жаңа оқу жылында үш мектепте (№ 3, 31, 95) инклюзияны қолдау кабинеттері ашылды. Бүгінгі таңда қалада мектептер жанында 28 инклюзияны қолдау кабинеті және 4 балабақшада жұмыс істейді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы