Елордада ерекше балаларға психологиялық көмек көрсетіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада «Бақытты Шаңырақ» қоғамдық қоры қала әкімдігінің қолдауымен ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға психологиялық көмек көрсету орталығын ашты.

Психологиялық көмек орталығында ерекше балаларды тәрбиелеп отырған аналар жұмыс істейді. Олар кәсіптік оқытудан өтіп, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға көмек көрсетеді. 

Айта кетейік, «Бақытты шаңырақ» қоғамдық қоры осымен төртінші орталығын ашып отыр.

Біздің қорға тұрақты қолдау көрсетіп, өз жобаларымызды жүзеге асыруға мүмкіндік бергені үшін қала әкімдігіне алғыс білдіреміз. Әкімдік ылғи да қол ұшын беруге дайын тұрады. Бұл өмірде мүмкін емес ештеңе жоқ, егер адам бірнәрсені өзгерткісі келсе, еңбек етуі керек. Бірге жұмыс істейтін әйелдердің еңбегін көріп отырмын. Осыған дейін ашқан орталығымыз секілді мұнда да ерекше балалардың аналары жұмыс істейді. Олар өз отбасымен – ата-әжелерімен, әкелерімен, дені сау балаларымен жұмыс істейтін болады. Қазір қатарымызда 15 ана бар. Сондай-ақ аниматорлар қызметін аштық, ал оған дейін аналарымызды арнайы оқыттық, – дейді «Бақытты Шаңырақ» ҚҚ төрайымы Ботагөз Сұлтанова.  
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдан бері елордада әкімдіктің қолдауымен түрлі топтардың бастамасымен ашылған 8 орталық жұмыс істейді. Олар халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек көрсетеді. Олардың қатарында «Strong Mothers» білім беру орталығы, «Алтын Шаңырақ Ұясы» киім тігу цехы, «Бақытты Шаңырақ» қызмет көрсету бойынша көпсалалы орталығы бар.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы