Елордада ер адам жиенінің ноутбугін ұрлап кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Алматы» ауданының полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде 36 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлады қалалық департаменттің баспасөз қызметі.
Тергеу барысында күдіктінің туыстарына қонаққа келгені анықталды. Содан кейін ол үйде жалғыз қалатын сәтті күтіп, жиеніне тиесілі «Lenovo» маркалы ноутбукті жасырын ұрлап кеткен. Содан кейін ноутбукті төмен бағамен ломбардқа өткізіп, бірнеше күнге басқа қалаға кетіп қалған. Күдіктіні келген бойда криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкіл қызметкерлері ұстады.
Қазіргі уақытта ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, заттай дәлелдемелер алынды. Күдіктінің елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.
Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті сақ болуға, бағалы заттарды қараусыз қалдырмауға кеңес береді.
Сонымен қатар, тәртіп сақшылары көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алу немесе өткізу ҚР ҚК 196-бабында көзделген қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын еске салады.