Елордада ер адам 5-қабаттан құлап кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың сол жағалауында ер адам бесінші қабаттан құлап кетті. 

11 тамыз күні сағат 18.28-де полицияның 102 нөміріне түрлі жарақаты бар ер адамның ауруханаға жеткізілгені туралы ақпарат келіп түсті. Полиция қызметкерлері оқиғаның Достық көшесінде болғанын, онда 34 жастағы ер адамның 5-қабаттың терезесінен құлап кеткенін анықтаған. Оқиға кезінде ер адам үйде жалғыз болған, - деп хабарлады Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

ПД хабарлауынша, бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы