Елордада эпиджағдай әлі де шиеленісіп тұр – бас санитар дәрігер

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы елорданың бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова хабарлады. 

Оның айтуынша, бас қала әлі де «қызыл» аймақта. 

Осылайша, тәулігіне алғашқы зертханалық расталған 366 жағдай тіркелді. Оның ішінде 270 жағдай – симптомды, 96 жағдай – симптомсыз. Соңғы аптада 4 409 COVID-19 жағдайы тіркелді. Алдыңғы аптамен салыстырғанда жағдайларды тіркеу саны 3 есе азайды. Өткен аптада 13 627 жағдай анықталған еді, - деп атап өтті елорданың бас мемлекеттік санитар дәрігері. 

Сондай-ақ ол коронавируспен ауырғандарды анықтау мақсатында қалада 24 зертхана жұмыс істеп тұрғанын алға тартты. 

Аталған зертханаларда тәулігіне 11 мыңнан астам ПТР зерттеулер жүргізіледі. Жыл басынан бері 282 114 зерттеу, оң 83 351, оның ішінде қайталама талдаулар жүргізілді, - деді Сархат Бейсенова. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы