Елордада еңбек озаттарының республикалық форумы өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Тәуелсіздік және Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің дамуы» атты конференция барысында мәлім болды.

15 желтоқсанда елордада еңбек озаттарының республикалық форумы өтеді. Оған еліміздің түкпір-түкпірінің ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп жатқан мамандары мен еңбек үздіктері қатысады. Мақсат – ел үшін, ауыл шаруашылығы саласында тер төгіп жүрген азаматтардың еңбегін бағалау, оларға құрмет көрсету. Ол жерде еңбек озаттарына Президенттің құттықтауынан бастап, мемлекеттік және министрлік деңгейіндегі наградаға дейін табыс етілетін болады. Біз қарапайым шаруалардың еңбегін дәріптеп, олар туралы көп айтуымыз керек, - деді «Ауыл» партиясының төрағасы, Парламент Сенатының депутаты Әли Бектаев. 

Оның сөзінше, жиын биыл бесінші рет өткелі отыр және оған 100-ден астам еңбек озаты қатысады.

Былтыр пандемия кең етек жайып, бәріміз үйде отырғанда, шаруалар жұмысын тоқтатқан жоқ. Олар ел игілігі мен өз тіршілігі үшін пандемияға қарамастан тоқтаусыз жұмыс істеді. Өздеріңіз білесіздер, сол індеттің салдарынан әлем елдерінде, әсіресе, Еуропа елдерінде қарапайым азық-түліктің тапшылығы байқалып, халық шулады. Ал бізде тапшылық болған жоқ. Бұл ауыл шаруашылығында еңбек етіп жатқан жұмысшылардың арқасы, - дейді ол. 


 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы