Елордада электробустар іске қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 100 электр автобус Нұр Сұлтан көшелерімен жүретін болады. Қазірдің өзінде 15 автобус бірнеше бағыт бойынша қатынауды бастады.
Бұл туралы қалалық әкімдіктің Instagram ресми парақшасында хабарланды.
Бүгін елорда әкімі Алтай Көлгінов электрлі автобустардың техникалық жағдайымен және сипаттамасымен танысты.
Экологиялық тұрғыдан қауіпсіз және жайлы электр автобустарының артықшылығы - атмосфераға зиянды шығарындылардың болмауы, сонымен қатар олардың жұмысындағы үнемділік, автобустар парктеріне дизельдік аналогпен салыстырғанда отынның 80% үнемдеуге мүмкіндік береді, - делінген әкімдіктің Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында.
Әкімдік өкілдерінің мәліметіне қарағанда 15 электробус жолға шыққан, олар тәулігіне тек бір рет зарядталады.