Елордада экстремизмнің алдын алу және оған қарсы іс қимыл бойынша семинар өтт

Елордада экстремизмнің алдын алу және оған қарсы іс қимыл бойынша семинар өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астана қаласы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері күдікті затты анықтаған кезде қызметкердің іс-әрекеті, жасалған терроризм актісі нәтижесінде туындаған техногендік сипаттағы қатерлерді жою тақырыбында «Алау» мұз спорты қызметкерлерімен семинар өткізді, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезінде адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған бейнероликтер көрсетіліп, жадынамалар таратылды.

 Құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында ҚР ҚК 273-бабы бойынша «Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау» бойынша құқыққа қайшы әрекеттер жасағаны үшін жауапкершіліктің қарастырылғаны туралы жеткізілді.

Бұл ұсынымдардың мақсаты адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауға және төтенше жағдайларда алдын алу іс-шараларын ұйымдастыруға көмектесуге бағытталған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы