Елордада екі оқушы үш күннен бері табылмай жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық полицейлер екі ұл баланы үш күннен бері іздеп жатыр.
Қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, тәртіп сақшыларына балалардың жоғалып кеткені туралы ақпарат 28 шілдеде сағат 22:50 -де түскен.
11 және 9 жастағы балалар Севастопольский тұйық көшесінде орналасқан үйдің ауласынан белгісіз бағытта шығып кеткен. Осы уақытқа дейін олардың қайда екені белгісіз. Анасы балалар жоғалған күннің ертеңінде полицияға хабар берген, – деп атап өтті елорда ПД баспасөз қызметі.
Полиция департаментінің жеке құрамы кәмелетке толмаған балалардың жүрген жерін анықтауға бағытталған іздеу және тексеру іс-шаралар кешенін қолға алды.
Олар еріктілермен бірге балалар жоғалған аумақта үйлерді, кіреберістерді, жертөлелерді, шатырларды, аулаларды, дүкендер мен кәріз құдықтарын тексеріп жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Із-түзсіз жоғалған петропавлдық банк картасы арқылы табылды
Келесі жаңалық
Әлемде аллергиясы бар адамдар көбейді
Өзгелердің жаңалығы