Елордада екі көше жартылай жабылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордадағы Арнасай және Жаңа әуежай көшелері 31 шілдеге дейін жартылай жабылады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Орташа жөндеу аясында Арнасай көшесінде Қабанбай батыр даңғылынан Жаңа әуежай көшесіне дейін жол-құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.Сондай-ақ, Жаңа әуежай көшесінде Қабанбай батыр даңғылынан Арнасай көшесіне дейінгі учаскеде де жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты 22-31 шілде аралығында қозғалысты ішінара жабу жоспарлануда.
Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз, – деп хабарлады қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
STOPFAKЕ: Ақпараттың рас-өтірігін тексеріңіз
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы