23 Тамыз 2020 2020, 13:12
Елордада екі көше уақытша жабылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жөндеу жұмыстарына байланысты Бигелдинов пен Жұбанов көшелері 25 тамызға дейін жабылады, деп хабаралды қала әкімдігінің ресми сайты.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жөндеу жұмыстарына байланысты Бигелдинов пен Жұбанов көшелері 25 тамызға дейін жабылады, деп хабаралады қала әкімдігінің ресми сайты.
Елорда тұрғындары мен қонақтарына бағытын алдын-ала жоспарлау ұсынылады. 23-25 тамыз аралығында жол-құрылыс жұмыстарына байланысты Нұр-Сұлтанда бірқатар көшелер жабылады. Орташа жөндеу аясында Бигелдинов көшесінде Сарыарқа даңғылынан Жеңіс даңғылына дейінгі учаскеде жұмыстар жүргізілуде. Осыған орай, 23-25 тамыз аралығында көлік қозғалысын толығымен жабу жоспарланған.
Сондай-ақ Жұбанов көшесінде Абай даңғылынан көшенің соңына дейін жол құрылысы жүргізілуде. Дәл осы мерзім ішінде қозғалыс толығымен жабылады.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін жол бағытын алдын-ала жоспарлау керек. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз, – деді елорданың көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасында.