Елордада екі бағдарда автобустар саны артты
Астанада №29 және №29А бағдарларындағы автобустар саны артты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бүгіннен бастап №29 және №29А бағдарларындағы автобус саны 4 бірлікке артты. Енді бағдарларға жалпы саны 16 автобус қызмет көрсетеді.
Құрметті жолаушылар, жолақысын төлеп жүруіңізді сұраймыз. Осылай сіздер автобустарды жаңартуға, бағыттардағы автобус санын көбейтуге және жаңа бағыттарды қосуға, яғни қоғамдық көліктің дамуына өз үлестеріңізді қосасыздар, - делінген «City Transportation Systems» ЖШС хабарламасында.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы