Елордада екі автобустың қозғалысы уақытша өзгерді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жол жөндеу жұмыстарына байланысты №4, 102 бағдарлардың қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді. Бұл туралы Астана ЛРТ сайты  хабарлады. 

"Ұлытау көшесі бойында жол жөндеу жұмыстарына байланысты 10-қыркүйек күні сағат 10:00-ден бастап жөндеу жұмыстары аяқталғанша дейін №№ 4, 102 бағдарлардың қозғалыс сызбалары уақытша өзгереді", - делінген хабарламада.

Қоғамдық көлікке қатысты басқа да шектеулер болуы мүмкін.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы